google-site-verification=_RTC6FQkP4V25DQdPy3AxFyCYbNpCTL0rUz0WeonYi8

Басты бет

Біздің мектепке қош келдіңіз

Астана қаласы әкімдігінің «№93 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК Ж.Нәжімеденов көшесі, 24 ғимаратта орналасқан. 2022 жылғы 14 қаңтарда жаратылыстану бағытында қазақ тілінде оқытатын мектеп-лицей болып ашылды. Мектептің сыйымдылығы 1200 оқушыға арналған. Қазіргі таңда мектеп-лицейде 3183 бала оқиды, 1-4 сыныптарда – 1616 оқушы, 5-9 сыныптарда – 1340, 10-11 сыныптарда – 227 оқушы. Сабақтың ұзақтығы – 45 минут. Оқытуды 211 қызметкерден тұратын мұғалімдер құрамы жүргізеді. Мектеп ұжымы тұрақты және кәсіби мамандардан құрылған. Мектептің негізгі техникалық базасы жақсы. Мектепте компьютерлік сыныптар, спорт зал, заманауи кітапхана, STEM, ата-аналарды қолдау кабинеті, физика, химия, биология кабинеттерімен жабдықталған.
Мектептің миссиясы – «Мектеп- мен шабыттанатын орта». Мақсаты: оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдану арқылы ой – өрісі кең, әлемдік және ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиеленген тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін бірлескен құзыретті білім беру ортасын құру.

Қарапайым-о-күрделі-1 бөлім
Қарапайым-о-күрделі-2 бөлім

МЕКТЕП МИССИЯСЫ: МЕКТЕП МЕН ШАБЫТТАНАТЫН ОРТА

Мектеп әкімшілігі

Жаңалықтар

“Қауіпсіз балалық шақ”

21 февраля 2024

20 ақпан күні “Қауіпсіз балалық шақ” онкүндігі аясында мектебімізде жоспарланған “Химия, физика, биология, көркем еңбек, дене шынықтыру сабақтарында және сыныптан тыс спорттық іс-шараларда қауіпсіздік ережелерін сақтау тәртібі” тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

3196
Оқушы
107
Сынып
216
Қызметкер

Біздің мұғалімдер