Біздің мектепке қош келдіңіз
Астана қаласы әкімдігінің «№93 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК Ж.Нәжімеденов көшесі, 24 ғимаратта орналасқан. 2022 жылғы 14 қаңтарда жаратылыстану бағытында қазақ тілінде оқытатын мектеп-лицей болып ашылды. Мектептің сыйымдылығы 1200 оқушыға арналған. Қазіргі таңда мектеп-лицейде 3183 бала оқиды, 1-4 сыныптарда – 1616 оқушы, 5-9 сыныптарда – 1340, 10-11 сыныптарда – 227 оқушы. Сабақтың ұзақтығы – 45 минут. Оқытуды 211 қызметкерден тұратын мұғалімдер құрамы жүргізеді. Мектеп ұжымы тұрақты және кәсіби мамандардан құрылған. Мектептің негізгі техникалық базасы жақсы. Мектепте компьютерлік сыныптар, спорт зал, заманауи кітапхана, STEM, ата-аналарды қолдау кабинеті, физика, химия, биология кабинеттерімен жабдықталған.
Мектептің миссиясы – «Мектеп- мен шабыттанатын орта». Мақсаты: оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдану арқылы ой – өрісі кең, әлемдік және ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиеленген тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін бірлескен құзыретті білім беру ортасын құру.
Мектеп әкімшілігі
Басықара Бексұлтан Полатбекұлы
Сыдых Бахытгул
Тлеубаева Раушан Майданбаевна
Усербаева Куанышкул Абуталипкызы
Тоқшылықова Жаңыл Бисенбайқызы
Жаңабергенова Гүлжиһан Аркадийқызы
Жаңалықтар
👨👩👧👦 ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
👨👩👧👦 ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! 🗓 2026-2027 оқу жылында Астана қаласының мектептеріне бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 27 мамырда басталып, 31 тамызда аяқталады. ✍️ Мектепалды даярлық бағдарламасын меңгерген және сол мектепте оқуын жалғастыруды қалайтын балалар ата-анасының өтініші негізінде мектепке қабылданады.Барлық мектептерде (дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерді қоспағанда) бірінші сыныпқа қабылдау емтихансыз жүргізіледі. Құжаттарды тапсыру тәсілдері:🌐 Электрондық түрде: www.egov.kz […]
















































































