google-site-verification=_RTC6FQkP4V25DQdPy3AxFyCYbNpCTL0rUz0WeonYi8

Тарих пәні мұғалімдерінің бірлестігі

Әдістеме бірлестігінің шығармашылық тақырыбы: Тарихтан құндылық мысалдарын  сабақтарға кіріктіру – ұлттық құндылықтарды дәріптеу негізі

Мақсаты: Өзекті педагогикалық тәжірибені қолдану арқылы Отан тарихына оқушылардың қызығушылығын арттыру және мұғалімдерің педагогикалық әдістемелік  іс-тәжірибесін жетілдіру, өзара тиімді тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету. 

Міндеттері: 

– мұғалімнің цифрлық қабілеттерін арттыру арқылы қызықты сабақ құрастыру;
– тарихтан құндылық мысалдарын сабақтарға кіріктіру;
– озық педагогикалық тәжірибені сабақтарда қолдану арқылы тарих пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру;
– мұғалімдердің танымдық белсендігін арттыру арқылы кәсіби дамуын қамтамасыз ету.

Күтілетін нәтиже:

– озық әдіс-тәсілдерді қамтыған қызықты сабақтар және сабақтан тыс іс-шаралар арқылы оқушылардың тарих пәніне қызығушылығы артады;
– мұғалімдердің жаңартылған бағдарлама негізінде білім беру тәжірибесі жетілдіріледі.