google-site-verification=_RTC6FQkP4V25DQdPy3AxFyCYbNpCTL0rUz0WeonYi8

Жетістіктер

«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауының қалалық кезеңі

Үздік пән мұғалімі

28.11.2022 жылы Оқушылар сарайында «Үздік пән мұғалімі-2022» сайысының нәтижесі бойынша салтанатты марапаттау өтті. Ізденімпаз, креативті ойлайтын , әр істі бар ынтасымен атқара білетін елордалық жеңімпаз ұстаздардың қатарында біздің мектебіміздің де мұғалімдері орын алды. Кенжалина Айжан Сейтказиновна, математика пәні мұғалімі 2 орынды, Дәлелхан Өміршат, музыка пәні мұғалімі, 3 орынды иеленді.

Оқушылар жетістіктері

21.12.2023 жылы Астана қаласының «Білім басқармасы» ММ, «Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы» МКҚК ұйымдастырған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Отан жолымен» өлкетану жобаларының қалалық конкурсында 7А сынып оқушысы Бейбітқызы Ақсұлу III орынды иеленді. Құтты болсын!🌹

19-20.12.2023 жылы «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығымен өткізілген жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды:
Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша:
Математика: Қуандық Амина, 9 сынып оқушысы – 2 орын (Кенжалина А.С.)
Жеңіс Аяна, 10 сынып – грамота (Кенжалина А.С.)
Абдрахим Селя, 11 сынып- грамота( Еділбаева Ж.Р.)
Химия: Маскенова Шынар, 9 сынып – 3 орын (Оспанова Г.Н.)
Биология: Абдрахым Аружан, 10 сынып – 3 орын (Тлеубаева Р.М.)
География: Турсынов Нурсаулет, 11 сынып – грамота (Ахметова Қ.Ж.)
Физика: Қанай Фатима, 9 сынып – грамота (Ырыскелді Б.А.)
Қоғамдық-гуманитарлық бағыты:
Ағылшын тілі: Саметқызы Қарақат, 10 сынып – 1 орын, Шайкен Ислам, 9 сынып – 2 орын (Нурланова А.Н.)
Орыс тілі мен әдебиеті:
Сүлеймен Ханзере, 10 сынып – 2 орын, Толепергенов Мирас, 9 сынып – 3 орын, Аскарова Нургуль, 11 сынып – 3 орын (Ергазиева А.С.)
Қазақ тілі мен әдебиеті
Дүйсенбек Балжан, 10 сынып – 3 орын (Серикмуратова Қ.Е.)
Қанжарбек Аяжан, 9 сынып – грамота (Жансеитова А.Ә.)
Жеңімпаз бен жүлдегерлерді құттықтаймыз!

Дарынды оқушылар мен шығармашыл ұстаздарымызбен мақтанамыз!
Желтоқсан-қантар айларында мектебіміздің дарынды оқушылары мен шығармашыл ұстаздары келесі жетістіктерге қол жеткізді:
-Астана қаласы білім беру ұйымдарының педагогтері арасында Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығына арналған «Қадыр әлемі» фестивалі аясында өткен конурста қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мейрамбеков Сұлтан Мейрамбекұлы және көркем еңбек мұғалімі Нәби Нұрбол Нәбиұлы I орындарды иеленді;
-Астана қаласының Әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Шығармашыл мұғалім- 2023» байқауында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі II дәрежелі дипломымен марапатталды;
— «Астана дарыны» орталығымен өткізілген «Педагогикалық идея фестивалі» байқауында химия пәні мұғалімі Оспанова Гульмира Нургазыевна III дәрежелі дипломына, математика пәні мұғалімі грамотаға ие болды;
— «Алтын тұғыр» олимпиадасында бастауыш сынып мұғалімдері Иса Сымбат- III дәрежелі дипломды, Жастлекова Мұқсын Ермановна грамотаны иеленді.
-9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша
-Республикалық пәндік олимпиаданың қалалық кезеңінің нәтижесі:
Химия: Маскенова Шынар, 9 сынып – 2 орын (мұғалім Оспанова Г.Н.)
Биология: Абдрахым Аружан, 10 сынып – 3 орын (Тлеубаева Р.М.)
Орыс тілі мен әдебиеті: Сүлеймен Ханзере, 10 сынып – 2 орын, Толепергенов Мирас, 9 сынып – грамота (Ергазиева А.С.);
Қазақ тілі мен әдебиеті:
Дүйсенбек Балжан, 10 сынып – 3 орын (Серикмуратова Қ.Е.).
Ағылшын тілі: Саметқызы Қарақат, 10 сынып – грамота (Нурланова А.Н.)
-«Балалық, шығармашылық, тенхника!» қалалық жас техниктер байқауының жеңімпаздары Рамазан Ерасыл, Хамитов Ернур II дәрежелі дипломдарымен марапатталды (Жетекші Рабаев С.Т.)
Жеңістеріңіз құтты болсын!

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығымен өткізілген пән олимпиадалардың және байқаулардың нәтижесінде
1. «Жас математик» олимпиадасында Мұсайыл Гауһар Талғатқызы 3 орынды иеленді!
2. «Мәуелі мұра» байқауы Ералы Ақерке – 3 орын. Жетекшісі Жансеитова Аяжан Әбүтәліпқызы, Аманкелді Бауыржан – 3 орын. Жетекшісі Дуйсенова Гульнар Аманжоловна.
3. «Ұлы дала қоңырауы» байқауы Ашимов Темірлан — 2 орын. Жетекшісі Шуленбаева Гулдария Мырзатайқызы.
4. 5-6 сыныптар оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің жүлдегерлері:
5 сынып бойынша:
Әкімжан Райсана (орыс тілі) – 3 орын. Мұғалімі Башенова Светлана Турсынбековна;
Қазы Ерасыл (математика)– 3 орын. Мұғалімі Байбосын Алима Мұсағалиқызы;
Еркінқызы Нұршырақ (қазақ тілі)– грамота. Мұғалімі Шуленбаева Гулдария Мырзатайқызы.
6 сыныптар бойынша:
Серикбаева Сафия (ағылшын тілі)– 2 орын. Мұғалімі Кабдиева Акмарал Аркашевна;
Толеухан Алуа (математика) – 3 орын. Мұғалімі Хохонай Асылгуль;
Забихолла Кәрім (орыс тілі) – грамота. Мұғалімі Мамырбекова Альфия Мейрамбековна.
Жеңістеріңіз құтты болсын!
🌹🌹🌹

«Білім инновация» Халықаралық қоғамдық қоры және «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024 жылдың 1 наурыз күні мемлекеттік тілді қолдауға бағытталған «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының қалалық кезеңінде «Бейнеушілер» номинациясында Раканова Камила 1 орынды 🥇 (жетекшісі Серикмуратова Қ.Н.), «Білгірлер бәйгесі» номинациясында Абдырахманов Нурислам 1 орынды🥇 (жетекші Даривхан Н). , «Жас қаламгер» номинациясында Абдухаликова Айша 1 орынды🥇 (жетекші Мейрамбеков С.М) иеленді! Жеңістеріңіз құтты болсын!👏👏👏

Математика пәні бойынша «Алтын сақа» қалалық олимпиадасында 7 сынып оқушылары Мақұлбек Али, Нұржігіт Алуа I орындарға ие болды. Мұғалімі Бегенова З. Б. 5-6 сынып оқушыларына арналған қалалық олимпиадасында 5 сынып оқушысы Қазы Ерасыл III орынды (мұғалімі Байбосын А.М.), Толеухан Алуа II орынды ( мұғалімі Хохонай А.) иеленді. Жетістіктеріңіз құтты болсын!🥇🥈🥉

Ұстаз болу — жүректің батырлығы…

Еліміз бойынша өткізілген «ҮЗДІК ПЕДАГОГ — 2023» Республикалық байқауының қорытындысы шықты.
Филология ғылымдарының магистрі, 2021, 2022 жылы Алматы қаласында Мұқағали Мақатаев қорының ұйымдастыруымен өткен республикалық, халықаралық “Мұқағали оқуының” Бас жүлде иегері, 2022 жылы Өскемен қаласында өткен Республикалық Қанипа Бітібаева атындағы “Қазақ тілі мен әдебиеті пәні” олимпиадасының, Республикалық «Панорамалық сабақ» байқауының, Республикалық «Абайтану», “Болашақ” олимпиадаларының, 2021 жылы Республикалық «Елбасы медалінің» күміс жүлдегері Даривхан Нұргүл, №93 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, бүгін, 06.12.2023 жылы, Республикалық «2023 жылдың үздік педагогы» атағының иегері болды! Жеңісіңіз құтты болсын!

А.Байтұрсынұлы атындағы Binom school мектеп-лицейі мен “Olymplevel” оқу орталығының ұйымдастыруымен өткен 7-8 сыныптар арасындағы жаратылыстану-математика олимпиадасының нәтижесі:
1) Математика 7 сынып:Мақұлбек Али- 1 орын. Пән мұғалімі Бегенова З.Б.;
2) Математика 8 сынып: Еркінқызы Нұршуақ — 1 орын. Пән мұғалімі Хохонай А.
3) Химия 8 сынып: Қайрабек Даяна- 1 орын. Пән мұғалімі Оспанова Г.Н.;
4) Физика 7 сынып: Уменов Мейіржан — 1 орын. Пән мұғалімі Ырыскелді Б.А.;
5) Физика 8 сынып: Абдырахманов Нурислам — 3 орын. Пән мұғалімі Ырыскелді Б.А.;
6) География 8 сынып: Нуртаза Ерасыл- 2 орын. Пән мұғалімі Жумабаева Ф.К.;
7) География 7 сынып: Серікбай Төрехан- грамот. Пән мұғалімі Жумабаева Ф.К.
Жеңістеріңіз құтты болсын!

Алматы қаласында өткен «Ең үздік жыл психологы» республикалық байқауына қатысып, мектебіміздің педагог — психологы Джакупова Гульнур Кайроллаевна 2 жүлделі орынды иеленді! Құтты болсын!

Бүгін, 2024 жылдың 18 наурызында, 7-9 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды. 1 орын иегерлері 7 сынып оқушылары Мақұлбек Али Зерделі Халықаралық мектебінде 100%, Нұржігіт Алуа 40% тегін оқу грантын ұтып алды! Пән мұғалімдері Бегенова Загипа Болатовна. Марапаттарыңызбен құттықтаймыз!