google-site-verification=_RTC6FQkP4V25DQdPy3AxFyCYbNpCTL0rUz0WeonYi8

Орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің бірлестігі

Әдістемелік бірлестіктің негізгі жұмыс түрлері: оқушыларды оқыту және тәрбиелеу әдістемесінің проблемалары бойынша педагогикалық эксперименттерді өткізу және олардың нәтижесін білім процесіне енгізу; оқу-әдістемелік мәселелер бойынша мұғалімдердің шығармашылық есептері, дөңгелек үстел, кеңестер, семинарлар т.б; оқушыларды оқыту және тәрбиелеу әдістемесінің мәселелері бойынша әдістемелік бірлестіктердің отырыстары; пән бойынша ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар; оқыту және тәрбиелеу әдістемесі, жалпы педагогика және психология мәселелері бойынша лекциялар, баяндамалар және дискуссиялар; озат педагогикалық тәжірибені және басқару құжаттарының талаптарын зерттеп, оқу-тәрбие процесіне енгізу; пән және әдістемелік апталықтарды өткізу; өзара сабаққа ену; оқу сабақтарының өткізу сапасын бақылау Әдістемелік бірлестік төмендегідей міндеттерді шешу үшін құрылады: пән бойынша оқу-тәрбие, әдістемелік, эксперименттік жұмыстарды жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастыру және жүргізу; сабақ беру әдістемесін жетілдіру; мұғалімдердің педагогикалық біліктілігін көтеру; педагогикалық эксперименттерді жүргізу.