google-site-verification=_RTC6FQkP4V25DQdPy3AxFyCYbNpCTL0rUz0WeonYi8

Психологиялық кеңес

№93 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ

ӘРҚАШАН КӨМЕКТЕСУГЕ ДАЙЫН!


Оқушыларға психологиялық кеңес

  1. Бүгінгі күнмен өмір сүріңдер.
  2. Дайындық алдында не істеу қажет екеніне тірек жасап отырыңдар
  3. Өздеріңнің қандай адам екендеріңді жақсы жағынан қабылдаңдар.
  4. Бос уақыттарыңды қолға алыңдар.
  5. Өзің туралы жақсы пікір алуға тырыс.
  6. Жаттығулар және дұрыс тамақтану арқылы өздеріңді аялаңдар.

Оқушыларға психологиялық кеңестер!

Мектеп қабырғасында жүргенде беделді де білімді оқушы боламын десең, біз ұсынған қағидаларға көз жүгіртіңіз. Бұл қағидаларды қалыптастырып алсаңыз, алдағы ғұмырыңызға да септігі тиері сөзсіз.

  1. Теледидардың алдында көп отырмаңыз. Ешқашан. Ол сенің уақытыңды өлтіреді.
  2. Алға жылжы деген қанатты сөздер сенің ұраның. Әрекет ет, көмектеседі.
  3. Басыңа жақсы ой келді ме? Жылдам жазып қой! Ол үшін арнайы дәптер, файл немесе блог ашып қой.
  4. Эмоциялық және физикалық денсаулығыңды мұқият сақта! Дене шынықтыру және өзіңді жақсы көңіл күйде ұстау сенің табысқа барар жолың!
  5. Сабаққа кеш қалып жатсың ба? Ол туралы хабар берудің амалын тап!
  6. Өзгелердің армандарына күлме. Оданда өзің арманда!
  7. Өзіңе опасыздық жасаған адамға қайта оралма! Олар ешқашан өзгермейді.
  8. Ата- ана аналарыңның жанында көп уақыт болуға әрекет жасаңдар.
  9. Жақсы сөзбен жылан інінен шығады, жаман сөзбен адам діннен шығады. Жылы жүзді болайық!
  10. Өз қатеңді мойындай біл! Қатеңді жылдам және қатаң түрде түзет!
  11. Шағым жасау әдетінен бастарт! Сенің проблемаң басқаларды қызықтырмайды!
  12. Ешқашан өсек айтпа! Жаман сөз жылдам тарайды!
  13. Көңіл-күйің төмен болса дем ал! Бұл өмірде бәріде өтіп кетеді деген сөздерді қайтала! Проблема шешудің бір жолы: Миға демалыс бер!
  14. Досыңмен ұрысып қалған жағдайда көкейге бататын, ар-намысына тиетін әрекет жасама! Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді!
  15. Таңмен жақсы ниет еткен болсаңыз, күннің екінші жартысында жақсылықтың нұры жаусын! Жақсы ниет, жарым ырыс!
  16. Шындықты сөйлеген жамандықты еске алмайды!
  17. Өз келешегіңді өзің жаз! Өзге емес өзің туралы өзің айт!
  18. Алдыңа мақсат қой! Келешегіңді жобала!
  19. Көп ізден!Өз біліміңді дамыт! Уақытың жетпей жатса да ізденгенді қойма!

Оқу мен іздену-уақытыңды босқа кетіру емес! Уақыт-алтынға теңеледі.

Өзгенің де өзіңнің де уақытыңды алма!!!