Бастауыш буын әдістемелік бірлестігі жұмысының тақырыбы:
1.Бастауыш сыныптардың оқыту мен тәрбие жұмыстарын жүйелі түрде
2.Ұйымдастыра отырып, бәсекеге қабілетті шәкірт тәрбиелеу.
Бастауыш буын әдістемелік бірлестігі жұмысының мақсаты:
1.Ақпараттық технология әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, жан-жақты дамыған, ізденімпаз тұлға қалыптастыру.
Әдістемелік жұмыстың міндеттері:
- Мемлекеттік стандарттың орындалуы.
- Дарынды балалар орталығының жұмысын бір жүйеге келтіру.
- Көмекті қажет ететін оқушылармен жұмысты жандандыру.
- Мұғалімнің өз білімін көтеру, іс-тәжрибесін тарату.
- Сабақты жүйелі түрде толыққанды дайындықпен өткізу.
- Оқушыларға өзіндік ізденуге бағыт бағдар бере отырып, шығармашылыққа баулу.
- Ата-анамен бірлескен сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыра отырып, ата-анамен қарым-қатынасты нығайту.






