Бірлестік жұмысының мақсаты: Информатика пәнінің мемлекеттік білім стандартының орындалуын қадағалау, оқушыларға білім беруде жаңашыл, озық технологияларды кеңінен қолдану.
Міндеттері:
– Мектептің өзекті тақырыптарын басшылыққа ала отырып, оқушылардың шығармашылық жұмыстарын қалыптастыруға жағдай жасау.
– Оқытудың тиімді әдістерін меңгеру мақсатында педситуация, тренингтер, мастер класс өткізу, семинарларға, іскерлік ойындарға қатысу.
– Қорытынды аттестация, емтихан, пән олимпиадаларына жеке жұмыс жоспары бойынша дайындықты бақылау.
– Білім көрсеткіші төмен оқушылармен жеке жұмыс жоспары бойынша қосымша сабақтардың өтуін қадағалап отыру.
Күтілетін нәтиже: Барлық оқушылардың мемлекеттік бағдарлама бойынша міндетті білім деңгейіне қол жеткізуін қамтамасыз ету.




