Бірлестік тақырыбы::
«Оқытудың жаңа инновациялық технологияларын оқу үрдісінде пайдалану арқылы оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру».
Мақсаты:
– Мұғалімнің кәсіби шеберлігінің шыңдалып өсуіне, жан-жақты жетілуіне бағыт-бағдар беру, жағдай туғызу.
– Жан-жақты дамыған, өзіндік танымдық дағдылары қалыптасқан, шығармашылық қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу жұмысының озық әдіс-тәсілдер мен инновациялық технологияларды тиімді пайдалану.
– Дүниетанымы дамыған, еліміздің әдет-ғұрпын құрметтей білетін, жан-жақты білімді де саналы парасатты тұлға тәрбиелеу.
Міндеттері:
- Пән мұғалімдерінің оқытудың озық технологияларын пайдалана отырып, әрбір шәкірттің жеке ерекшеліктеріне сай шығармашылықпен жұмыс істеп, іс-тәжірибе жинақтау.
- Қазіргі заман талабына сай оқушылардың білімін жан-жақты тереңдету арқылы оқушылардың ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.
- Білім сапасын көтеру мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданылатын ақпараттық технологиялар мен интерактивтік әдістердің нәтижелілігін анықтау.
- Педагогтардың инновациялық қызмет тәжірибелерін тарату және жалпылау.
- Семинарлар, конференциялар, практикалық шеберханаларды өткізудің қорытындысы бойынша әдістемелік материалдар қорын жинақтау.



