google-site-verification=_RTC6FQkP4V25DQdPy3AxFyCYbNpCTL0rUz0WeonYi8

Математика пәні мұғалімдерінің бірлестігі

Әдістемелік бірлестіктің тақырыбы: «Математика пәнін оқытуда пәнаралық байланыстарды кіріктіре отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту»

Әдістемелік бірлестіктің жұмыс мақсаты:

Оқушылардың математика пәнін оқытуда пәнаралық байланысты нығайта отырып, оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту. Оқушыларға құзыретті, нәтижеге бағытталған білім беріп, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру. Математикалық білім деңгейін көтере отырып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.

Міндеттері:

Оқу тәрбие жұмыстарын жоспарлап, ұйымдастыру.

Оқытудың мемлекеттік стандартына сәйкес  бағдарламалар бойынша күнтізбелік — тақырыптық жоспарларды талдап, қарау.

Пән мұғалімдерінің өз білімдерін  жоспарларын қарап, біліктілігін көтеру курстарына баруды жоспарлап, мектеп  әкімшілігіне ұсыну.

Аттестациядан өтетін мұғалімдердің тізімін жасап, жоспарлау.

Мектепішілік олимпиада өткізу, ғылыми жобаларға қатысу,ҰБТ-ға дайындық жасау.

Оқу сапасын арттыруда кері байланыс түрлерін, оқушыларды бағалау әрекетін  ұйымдастырудағы тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану;

Дарынды және талантты оқушылардың қабілеттерін зерттеу арқылы  оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту; 

Таным мен зерттеу арқылы оқушылар бойындағы ұлттық құндылықтарды арттыру; 

Оқушының білім сапасын арттыруға қажетті педагогикалық әдіс-тәсілдерді жетілдіру;

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жасаудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану;

Оқу-тәрбие үрдісін жүргізудің тиімді жолдарын қарастыру;

Оқушыларға құзыретті білім беру арқылы білім сапасын көтеру;

Сабақты зерттеу, жоспарлау, іске асыру, талдау жұмыстарын зерттеуші мұғалімдер тәжірибесіне енгізу;

Инновациялық жобаларды жүзеге асыру;