Әдістеме бірлестігінің шығармашылық тақырыбы: Тарихтан құндылық мысалдарын сабақтарға кіріктіру – ұлттық құндылықтарды дәріптеу негізі
Мақсаты: Өзекті педагогикалық тәжірибені қолдану арқылы Отан тарихына оқушылардың қызығушылығын арттыру және мұғалімдерің педагогикалық әдістемелік іс-тәжірибесін жетілдіру, өзара тиімді тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету.
Міндеттері:
– мұғалімнің цифрлық қабілеттерін арттыру арқылы қызықты сабақ құрастыру;
– тарихтан құндылық мысалдарын сабақтарға кіріктіру;
– озық педагогикалық тәжірибені сабақтарда қолдану арқылы тарих пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру;
– мұғалімдердің танымдық белсендігін арттыру арқылы кәсіби дамуын қамтамасыз ету.
Күтілетін нәтиже:
– озық әдіс-тәсілдерді қамтыған қызықты сабақтар және сабақтан тыс іс-шаралар арқылы оқушылардың тарих пәніне қызығушылығы артады;
– мұғалімдердің жаңартылған бағдарлама негізінде білім беру тәжірибесі жетілдіріледі.

