

















Бүгін 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Астана қаласы әкімдігінің №93 мектеп-лицейінде мектеп жанындағы «ҒАЖАЙЫП» жазғы тынығу лагерінің ашылу салтанаты жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
💖 «Жүректерді жылытатын ортада!» атты достар кездесуі мерекелік көңіл-күй сыйлады. Лагерь қатысушыларын мектеп директоры Басықара Бексұлтан Полатбекұлы құттықтап, жазғы демалысты қызықты әрі пайдалы өткізуге, түрлі іс-шараларға белсенді қатысуға шақырды.
👧👦 Биылғы лагерьдің ашылуына 300-ге жуық білім алушы қатысты. Жазғы демалыс кезеңінде бастауыш сынып оқушыларынан құралған 7 топ жұмыс жасайды:
🌈 «Балдырған»
🌈 «Еркем-ай»
🌈 «Күншуақ»
🌈 «Бірлік»
🌈 «Болашақ»
🌈 «Жұлдыз»
🌈 «Достық»
Әр топта 2 тәрбиешіден бекітіліп, жоспарға сәйкес күн сайын қызықты әрі танымдық іс-шаралар өткізілетін болады.
🏕️ Сонымен қатар 5–8 сынып оқушыларына арналған «Атамекен» этнолагері, «Жас саяхатшылар» лагері және қалалық «OZYQ ULT» оқу жобасы аясындағы демалыс лагерлерінің де лентасы қиылды. Ашылу рәсімін мектептің «Шабыт» би ансамблінің өнерлі қыздары әсерлі билерімен бастап берді. Мерекеге түрлі ертегі кейіпкерлері қатысып, балаларды би билеуге, ойындарға қатысуға шақырды. Шара өте көңілді әрі әсерлі өтті.
Барша бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй, жарқын әсерлер мен ұмытылмас жазғы демалыс тілейміз!